| Научный журнал
 ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТАМАҚТАНУ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ | статьи | Научный журнал

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТАМАҚТАНУ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ

Жазба жазу күні: 22-10-2014
Автор(ы): О.В. Пайль Семей қалалық №2 клиникалық перезентхана.

Баланың қалыпты өсіп-дамуы, денсаулығы үшін тек омырау сүтімен тамақтандыруды БДД ұсынған. Қазіргі таңда БДД ұсанынып отырған омырау сүтімен тамақтандыру ұзақтығын тек дамып келе жатқан елдермен қатар индустриясы өркендеген елдерге де қатысы бар. Осы ұсыныстардың ғылыми негізі бірқатар әдеби шолуларда жарияланып, БДД сараптамасының кеңестік отырысына даярланған [1,2].

Жұмыстың мақсаты: ерте жастағы балалардың денсаулық жағдайы мен дамуының бір жасқа дейінгі тамақтандыруды ұйымдастыру ерекшелігіне байланыстылығына салыстырмалы анализ жүргізу.

Зерттеу 2008-2010 жыл аралығында уақытында жетіліп туған 131 балаға жүргізілді. Аналардың акушерлік анамнезі (жасы, жүктіліктің өтуі, босану жағдайы), балалардың салмақ-бой  көрсеткіштері, баланы алғаш омырауға салу уақыты, нәресте кезеңінің өту ерекшеліктері ескерілді. Балалар 1 жасқа дейін дәрігемен ай сайын 1 рет, 3 жасқа дейін 3 айда 1 рет қаралды. Балалардын тамақтану статусына, антропометриялық мәліметтеріне, дамуына, аурушаңдылығына, клиникалық-лабораториялық (ЖҚА, ЖЗА, копрология) тексерулеріне анализ жүргізілді. Зерттеу жүргізілген балаларды 4 топқа бөлдік. 1-топ омырау сүтімен 3 айға дейін тамақтанғандар, 2-топ омырау сүтімен ұзақ (6 айдан артық) тамақтанғандар, 3 және 4 топтар жартылай және толық бейімделген жасанды сүт қоспаларымен тамақтанған балалар құрады.

1 жасқа дейінгі балалардың тамақтануының сипаты балалардың денсаулық жағдайына және келесі 3 жасқа дейінгі дамуына әсері келесідей: ұзақ табиғи тамақтануда (2-топ) болған балалардың алғашқы 6 айда салмақ және бойы, ал жартылай бейімделген (3-топ) сүт қоспаларымен тамақтанғандардың дене салмағы көрсеткіштері жоғары болды. 6 айдан 3 жасқа дейінгі физикалық дамуында нақты айқын айырмашылықтар анықталған жоқ. Бірақ ұзақ уақыт табиғи (1 топ) тамақтануда болған балалардың 2 жасқа дейін өсу қарқыны басқа топтарға қарағанда жоғарылау тенденциясын көрсетті. Моторлық функцияның қалыптасуының тамақ түріне нақты байланыстылығы анықталған жоқ. Ал тамақтану түрінің ауыршаңдылық жағдайына әсеріне келетін болсақ, ұзақ табиғи тамақтануда бірінші орында ЖРВИ 11-14 ай аралығында анықталса, осы топтағы балалар ЖРИ 3 жасқа дейін нақты сирек ауырғаны тіркелді. Ал жартылай бейімделген жасанды сүт қоспасымен тамақтанған балаларда ЖРВИ аурушаңдылық жоғары болды, яғни 1 жасқа дейін 32%, 2 жасқа дейін 39% және 3 жасқа дейін 57% құрады. Жасанды тамақтануда болған балармен салыстырғанда қысқа уақыт табиғи тамақтануда болған балаларда 1 жасқа дейін ауыршаңдылық 17%, 2 жасқа дейін 23% төмен болды. Бірақ, 3 жасқа дейінгі балаларда бұл ауыршаңдылық көрсеткіші бейімделген жасанды сүт қоспасымен тамақтанған (4 топ) балалар көрсеткішінен айырмашылығы болған жоқ (42%). Ұзақ уақыт табиғи тамақтануда (2-топ) болған балаларда ауыршаңдылық басқа топтағы балалармен салыстырғанда нақ төмен болды, яғни тамақтық аллергия (3 жас), анемия (2жас), асқазан - ішек жолдарының функционалдық өзгерістерінің таралуы. Айта кету керек, қысқа табиғи тамақтануда болған балаларда (1 топ) анемия, тамақтық аллергияның дамуы, масса-бой көрсеткіштері бейімделген жасанды сүт қоспасымен тамақтанған (4 топ) балалардағы көрсеткіштермен салыстырғанда нақты айырмашылық болған жоқ. Сонымен қатар, жартылай бейімделген жасанды сүт қоспасымен тамақтанған (3 топ) балаларда басқа топтағы балалармен салыстырғанда тамаққа тәуелді аурулардың дамуы 3 жасқа дейін нақты жоғары болды. Алынған мәліметтер балалардың 3 жасқа дейінгі физикалық дамуы, 1 жасқа дейінгі балаларда анемияның таралуы, 2 жасқа дейінгі балаларда ЖРВИ жиілігі тамақтану түрін байланысты екенін көрсетеді, ол жақын және алыс шетел зерттеулерімен сәйкес болды [3,4].

Сонымен, 1 жасқа дейінгі балалрда ЖРВИ ауыршаңдылық, тамақтық аллергияның жиілігі, асқазан-ішек жолдарының функционалдық өзгерістері, физикалық дамудың параметрлерінің 1 жасқа дейін және 2-3 жас аралығында төмендеуі тамақтанудың түріне нақты байланыста болады.

 

Әдебиеттер:

1. Butte N., Lopez-Alarcon M.G., Garza C. Nutrient adequacy of exclusive breastfeeding for the term infant during the first six months of life. - Geneva, WHO, 2002. - 47 p.

2. Dewey K., Martines J. Guiding principles for complementary feeding of the breastfed child. - Washington, WHO, 2003. - 37 p.

3. Kramer M.S., Kakuma R. The optimal duration of exclusive breastfeeding. A systematic review. - Geneva, WHO, 2002. - 47 p.

4. Л.В. Абольян. Практика охраны, поддержки и поощрения грудного вскармливания в детских амбулаторно-поликлинических учреждениях - М., 2003. - 79 с.

 

 

Состояние здоровья детей в раннем возрасте в зависимости от вида вскармливания

О.В. Пайль

Таким образом, установлена достоверная зависимость между видами вскармливания ребенка и заболеваемостью ОРВИ, пищевой аллергией, функциональными нарушенями со стороны желудочно-кишечного тракта, низких параметров физического развития у детей, как до первого года, так и до 3 летнего возраста.

 

The condition of children condition in early age in depended of type of feeding

O.B. Рail

It is revealing the dependence between types of feeding of child with ARVI, alimentary allergy, functional infringements of gastro-intestinal tract, law parameters of physical development child of first year of life and 3 years old.

год: 2010 выпуск №6