| Научный журнал
 ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР ТУРАЛЫ ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАР ХАЛҚЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІН САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ | статьи | Научный журнал

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР ТУРАЛЫ ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАР ХАЛҚЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІН САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Жазба жазу күні: 21-10-2014
Автор(ы): К.Б. Шегірбаева С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Алматы қаласы

Көптеген қалалардың қоршаған ортасы белгілі бір өнеркәсіптің дамуымен қалыптасады, ол кейін халық денсаулығына төнетін қауіптің анықтаушы факторына айналады. Өнеркәсіптік аймақтарда тұратын халық денсаулығының жағдайы аймақтың әлеуметтік-экономикалық және санитарлық жағдайын көрсететін қоғамдық дамудың маңызды талабы болып табылады.

Мұнай мен газды кең көлемде игеру қоршаған ортаның негізгі объектілерінің сапасына жан жақты жағымсыз әсер етеді, бұл адамның тіршілік ету ортасының сапасының нашарлауына алып келеді. Ал бұл, өз кезегінде, халықтың денсаулығына жағымсыз ықпал етеді [1-3].

Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешені және көлік кәсіпорындарынан шығатын қалдықтарға байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан келетін қауіп халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның құлдырауына алып келеді.

Респонденттер пікірлерінің негізінде халық денсаулығының жағдайын зерттедік. Сауалнаманы тұрғындардың екі тобы бойынша жүргіздік – 1 топ – жұмысшылар, 2 топ - өндірістік кәсіпорынның маңында тұратын тұрғындар. Сауалнама әрбір өнеркәсіптік аймақ бойынша жүргізілді, сауалнамалар халық үшін және зиянды өнеркәсіптік жағдайлармен тікелей байланыста қызмет ететін жұмысшылар үшін жеке дайындалды.

Сауалнама жүргізілген барлық топтардың әлеуметтік-гигиеналық сипаттамасы бойынша статистикалық тұрғыдан айырмашылық болмады. Зерттеулер Атырау, Павлодар және Қарағанды облыстары сияқты ірі өнеркәсіптік аймақтарда жүргізілген.

Атырау облысында жүргізілген халық денсаулығының жағдайы бойынша сауалнама бірінші топ бойынша келесідей нәтижені көрсетті: 47% - жиі созылмалы ауруға байланысты медициналық көмекті қажет етеді; 43% - уақытша науқастануға байланысты медициналық көмекті қажет етеді; 10% - тұрақты дәрігерлік бақылауды қажет етеді.

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 36% салауатты өмір салтын ұстанады, 44% - үнемі емес, ал 20% жуығы – тіптен сақтамайды. Респонденттердің 69,7% темекі шегеді, 30,3% шекпейді. Алкоголь өнімдерін сауалнамаға қатысқандардың барлығы пайдаланады, өте жиі, тіпті күн сайын пайдаланатындары - 15,8% құрайды.

Жұмысшылар арасында созылмалы аурулар бойынша тыныс алу органдары – 53,7%, асқорыту жүйесі -15,3%, жүрек-қан тамырлары – 11%, несеп органдарының аурулары - 14% бірінші орында болса, ал 6% - басқа аурулар құрайды. 

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 24% диспансерлік есепте тұр, 47% –шипажайлық демалысты қажет етеді, 23% жұмысшылар амбулаторлық емдеуді қажет етеді.

Сұралғандардың 57% жуығы емханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын қанағаттанарлық деп бағаласа, 43% - төмен, 44%-ға жуығы стационарлық көмекті қанағаттанарлық, 56% төмен деп бағалады.

Денсаулық жағдайы туралы сұралғандардың екінші тобы бойынша келесі нәтижеге қол жеткізілді: 47% - жиі созылмалы ауруға байланысты медициналық көмекті қажет етеді, 33% - уақытша ауру бойынша медициналық көмекті қажет етеді, 20% - тұрақты дәрігерлік бақылауды қажет етеді.

Сауалнамаға қатысқандардың 26% салауатты өмір салтын ұстанады, үнемі ұстанбайтындары - 47%, ал 27%-ға жуығы тіптен ұстанбайды. Респонденттердің 59% жуығы темекі шегеді, 41% жуығы шекпейді. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік алкоголь өнімдерін пайдаланады, ал жиі, тіпті күнде пайдаланатындары - 1,8% құрайды.

Жұмысшылар арасындағы созылмалы аурулар бойынша бірінші орында тыныс алу органдары аурулары – 53,7%, асқорыту жүйесі аурулары -13,3%, жүрек-қан тамырлары аурулары – 12,9%, несеп органдарының аурулары -12%, ал 8,1% - басқа аурулар тұр.

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың  24% диспансерлік есепте тұр, 37% - шипажайлық демалысты қажет етеді, жұмысшылардың 10% амбулаторлық емдеуді қажет етеді. 

Сұралғандардың 51% жуығы емханалар мен ауруханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын қанағаттанарлық деп бағаласа, 49% - төмен деп бағалады. Сауалнамаға қатысқандардың 10,1% жуығы кәсіби сырқаттарға ие.

Қарағанды облысы бойынша денсаулық жағдайы бойынша сұралғандардың бірінші тобы келесі нәтиже берді: 47% - жиі созылмалы ауруларға байланысты медициналық көмекті қажет етеді, 43% - уақытша ауруларға байланысты медициналық көмекті қажет етеді, 10% - тұрақты дәрігерлік бақылауды қажет етеді.

Салауатты өмір салтын сұралғандардың 26% ұстанады, үнемі ұстанбайтындары - 37%, ал 37%-ға жуығы тіптен ұстанбайды. Респонденттердің 49% жуығы темекі шегеді, 51% жуығы шекпейді. Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың барлығы дерлік алкоголь өнімдерін пайдаланады, ал жиі, тіпті күнде пайдаланатындары - 5,8% құрайды. 

Жұмысшыларың созылмалы аурулары бойынша бірінші орында тыныс алу органдары аурулары – 43,4%, асқорыту жүйесі аурулары -12,6%, жүрек-қан тамырлары аурулары – 11%, несеп органдарының аурулары - 15%, ал 18% - басқа аурулар тұр.   

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 21% диспансерлік есепте тұр, 51% –шипажайлық демалысты қажет етеді, жұмысшылардың 25%  амбулаторлық емдеуді қажет етеді.

Сұралғандардың 47% жуығы емханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын қанағаттанарлық, 37% - төмен деп бағаласа, 16% жауап беруге қиналды, ал 25%-ға жуығы стационарлық көмекті қанағаттанарлық деп бағаласа, 28%- төмен деп бағалады.

Қарағанды облысы бойынша сұралғандардың екінші тобы келесі нәтижені көрсетті: 47% - жиі созылмалы ауруларына байланысты медициналық көмекті қажет етеді, 33% - уақытша аурулары бойынша медициналық көмекті қажет етеді, 20% - тұрақты дәрігерлік бақылауды қажет етеді.

 Салауатты өмір салтын сұралған жұмысшылардың 16% ұстанады, үнемі ұстанбайтындары - 34%, ал 50%-ға жуығы тіптен ұстанбайды. Респонденттердің 47% жуығы темекі шегеді, 53% жуығы шекпейді. Алкогольді барлық сұралғандар пайдаланады, ал жиі, тіпті күнде пайдаланатындары - 1,2% құрайды.

Жұмысшылардың созылмалы аурулары бойынша бірінші орында тыныс алу органдары аурулары – 53%, асқорыту жүйесі аурулары -13%, жүрек-қан тамырлары аурулары – 12%, несеп органдарының аурулары - 12%, ал 10% - басқа аурулар тұр.   

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 23% диспансерлік есепте тұр, 59% - шипажайлық демалысты қажет етеді, жұмысшылардың 22% амбулаторлық емдеуді қажет етеді.

Сұралғандардың 53% жуығы емханалар мен ауруханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын қанағаттанарлық деп бағаласа, 47% - төмен деп бағалады. Сұралғандардың 13,3% жуығының кәсіби сырқаттары бар. 

Павлодар облысында тұратын жұмысшылар мен халықтың денсаулық жағдайын сараптаудың нәтижесінде сұралған жұмысшылардың  37% жиі созылмалы аурумен ауыратындығы, 23% - уақытша аурулары бойынша медициналық көмекті қажет ететіндігі, 40% - тұрақты дәрігерлік бақылауды қажет ететіндігі анықталды.

Салауатты өмір салтын сұралған жұмысшылардың 23% ұстанады, үнемі ұстанбайтындары 47%, ал 30%-ға жуығы тіптен ұстанбайды. Респонденттердің 55,7%  жуығы темекі шегеді, 45,3% жуығы шекпейді. Алкогольді сұралғандардың 8,7%  жуығы пайдаланады, ал жиі, тіпті күнде пайдаланатындары - 5,8% құрайды.

Жұмысшылардың созылмалы аурулары бойынша бірінші орында тыныс алу органдары аурулары – 33,7%, асқорыту жүйесі аурулары -15,1%, жүрек-қан тамырлары аурулары – 18,3%, несеп органдарының аурулары - 24,3%, ал 8,6%  - басқа аурулар тұр.

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 14,2%  диспансерлік есепте тұр, 37% – шипажайлық демалысты қажет етеді, жұмысшылардың 23% амбулаторлық емдеуді қажет етеді.

Сұралғандардың 31% жуығы емханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын қанағаттанарлық, 69% - төмен деп бағалады, 33%-ға жуығы стационарлық көмекті қанағаттанарлық деп бағаласа,  67%- төмен деп бағалады.

Денсаулық жағдайы бойынша сұралғандардың екінші тобы келесі нәтижені көрсетті: 39% - жиі созылмалы ауруларына байланысты медициналық көмекті қажет етеді, 29% - уақытша аурулары бойынша медициналық көмекті қажет етеді, 32% - тұрақты дәрігерлік бақылауды қажет етеді.

Салауатты өмір салтын сұралған жұмысшылардың 29,3%  ұстанады, үнемі ұстанбайтындары - 51%, ал 19,7% -ға жуығы тіптен ұстанбайды. Респонденттердің 35% жуығы темекі шегеді, 65% жуығы шекпейді. Алкогольді сұралғандардың барлығы пайдаланады, ал жиі, тіпті күнде пайдаланатындары - 3,8% құрайды.

Жұмысшылардың созылмалы аурулары бойынша бірінші орында несеп органдарының аурулары - 32%, тыныс алу органдары аурулары – 35,7%, асқорыту жүйесі аурулары -14,3%, жүрек-қан тамырлары аурулары – 12%, ал 6%- басқа аурулар тұр.

Сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 21% диспансерлік есепте тұр, 43% - шипажайлық демалысты қажет етеді, жұмысшылардың 25% амбулаторлық емдеуді қажет етеді.

Сұралғандардың 39% жуығы емханалар мен ауруханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын қанағаттанарлық, 61%-төмен деп бағалады. Сұралған-дардың 7,1%-ға жуығының кәсіби сырқаттары бар.

Осылайша, денсаулық жағдайына қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары бірінші топта да, екінші топта да сәйкес келді.  Халықтың пікірінше, емханаларда көрсетілетін медициналық көмек сапасы стационарларда көрсетілетін медициналық көмекке қарағанда төмен.

Бірінші орындарда тыныс алу жолдары, несеп органдары, асқорыту жүйесі және т.б. аурулар тұр. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша өндірістік аймақтар халқының денсаулық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланды. Сұралғандардың көпшілігінің созылмалы аурулары бар және олар шипажайлық емдеу қажет етеді.

Респонденттердің барлығынан өндірістік орталықта тұратын халық денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша – халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жоғарылату туралы ұсыныс түсті.

 

Әдебиеттер:

  1. Диаров М.Д. Атырау облысы халқының науқастану жағдайы мен қарқыны // «Қазақстанның көмірсутекті шикізатын пайдалану және қайта өңдеулің қазіргі мәселелері» I-Хал. ғылыми-техн.конф.материалдары. – Атырау, 2000. –Т.I. – 460-468б.
  2. Каримов Т.К. Мұнай және газ кен орындарын қазу салдарынан қоршаған орта ластануының тұрғындар денсаулығына тигізетін әсері // Қазақстанның денсаулық сақтау саласы. -1996. –25-26б.
  3. Лысенко А.И. Қоршаған орта факторларының Қазан тұрғындарының хал-жағдайына тигізетін әсері // Гигиена және санитария – 2002. -№4. –17-18б.

 

 

Оценка состояния здоровья населения промышленных регионов по результатам социологического опроса

К.Б. Шегирбаева

Основное загрязнение атмосферы связано с выбросами от предприятий цветной металлургии, теплоэнергетики, черной металлургии, нефтегазового комплекса и транспорта. Реальность угроз от загрязнения атмосферного воздуха сказывается на ухудшении здоровья населения и деградации окружающей среды. На основании мнения респондентов изучили состояние здоровья населения промышленных регионов.

По мнению населения, качество оказанной медицинской помощи в поликлинике ниже, чем в стационарах. Приоритетными заболеваниями являются заболевания органов дыхания, мочеполовой системы, пищеварительной системы и другие. По результатам социологического опроса состояние здоровья населения промышленных регионов оценивается как неудовлетворительное. Большинство опрошенных имеют хронические заболевания и нуждаются в санкурортном лечении.

 

Health assessment of population residing in industrial areas on the results of a poll

K.B. Shegirbaeva

The main air pollution due to emissions from non-ferrous metallurgy, power engineering, ferrous metallurgy, oil and gas industry and transportation. The reality of threats from air pollution affects the health impacts and environmental degradation. Based on the opinions of the respondents studied the health of the population of industrial areas.

According to the population, the quality of medical care in the clinic is lower than in hospitals. Priority diseases are diseases of the respiratory system, urinary system, digestive system and others. According to the results of a sociological survey health status of industrial regions is assessed as unsatisfactory. Most of the respondents have chronic disease and need treatment.

год: 2010 выпуск №3