| Научный журнал
 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ РАДИОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ | статьи | Научный журнал

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ РАДИОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Опубликовано: 19-09-2015
Автор(ы): М. Н. Сандыбаев1, Т. А. Әділханов 2

УДК 616-006-614.876

 

шЫҒЫСқАЗАҚСТАНОБЛЫСЫсЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒАНЕГІЗДЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚРАДИОЛОГИЯЛЫҚКЛАСТЕР

ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

М. Н. Сандыбаев1, Т. А. Әділханов 2

 

1 ШЖҚ КМҚ «Өңірлік онкологиялық диспансер» Семей қ., Қазақстан;

2 Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, Семей қ., Қазақстан

 

Кіріспе. Медицина ғылымының қазіргі жағдайы, сондай-ақ денсаулық сақтау ісін реформалау үрдістері өңірде заманауи ғылымды керек ететін технологияның қажеттігі туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр. Ядролық медицинаның ерекшелігі ғылым мен техниканың әртүрлі саласында ауқымы кең ресурстарды тарту болып табылады, бұл өз кезегінде Қазақстанда аталмыш саланың дамуы бойынша күрделі кешенді ведомствоаралық жолды талап етеді.

Мақсат - Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Семей қаласында ядролық технологияға негізделген медициналық радиологиялық кластер құрудың заманауи жағдайын ұсыну.

Қорытынды. Семей қаласында құрылатын, радионуклидті технология пайдаланылатын, ядролық медицина орталығы радиофармпрепараттарға, радиоизотоп генераторларға қажеттілікті қамтамасыз ететін ғылыми, өндірістік және кадрлық әлеуетті алдын ала құруға және Қазақстан өңірлерінде жаппай диагностикалық зерттеулерді орындауға мүмкіндік береді.

 

Негізгі сөздер: ядролық медицина, радионуклидті терапия, медициналық жәрдем, ядролық медицина орталығы, онкология.

 

THE CURRENT CONDITIONS FOR THE ESTABLISHMENT OF MEDICAL RADIOLOGICAL CLUSTER IN SEMEY CITY

OF EAST KAZAKHSTAN REGION, WHICH IS BASED

ON NUCLEAR TECHNOLOGY

 

M. N. Sandybayev1, T.A. Adylkhanov2

 

1 RSE on the right of EJ «Regional oncologic dispensary», Semey, Kazakhstan;

2 Semey State Medical University, Semey, Kazakhstan

 

Introduction.The current situation in medical science and the processes of health reform allow us to speak about the necessity of implementation of modern high technologies in the region. The peculiarity of nuclear medicine is to attract resources from the various areas of science and technology, which, in turn, requires a serious comprehensive interagency approach for the development of this industry in Kazakhstan.

The purpose is to present the current conditions for the establishment of medical radiological cluster in Semey city of East Kazakhstan region, which is based on nuclear technology.

Conclusion. The nuclear medicine center in Semey city, that uses the radionuclide technology will advance to create a scientific, industrial and staff capacity that will ensure the needs for radiopharmaceuticals, radionuclide generators, and perform numerous diagnostic tests in the regions of Kazakhstan.

 

Keywords: nuclear medicine, radionuclide therapy, medical care, the center of nuclear medicine, oncology.

ПРЕДПОСЫЛКИСОЗДАНИЯ МЕДИЦИНСКОГО РАДИОЛОГИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА, ОСНОВАННОГО

НА ЯДЕРНЫХ ТЕХНОЛОГИЯХ, В ГОРОДЕ СЕМЕЙ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

М. Н. Сандыбаев1, Т.А. Адылханов2

 

1 ГКП на ПХВ «Региональный онкологический диспансер», г. Семей, Казахстан;

2 Государственный медицинский университет города Семей, Семей, Казахстан

 

Введение. Современное состояние медицинской науки, а так же процессы реформирования здравоохранения позволяют говорить о необходимости внедрения современных наукоемких технологий в регионе. Особенностью ядерной медицины является привлечение ресурсов из обширного спектра различных областей науки и техники, что, в свою очередь, требует серьезного комплексного межведомственного подхода по развитию данной отрасли в Казахстане.

Цель - представить современные условия создания медицинского радиологического кластера, основанного на ядерных технологиях, в г. Семей Восточно-Казахстанской области.

Вывод. Создаваемый в г. Семей центр ядерной медицины, использующий радионуклидные технологии позволит заблаговременно создать научный, производственный и кадровый потенциал, который будет обеспечивать потребность в радиофармпрепаратах, генераторах радиоизотопов и выполнять массовые диагностические исследования в регионах Казахстана.

 

Ключевые слова: ядерная медицина, радионуклидная терапия, медицинская помощь, центр ядерной медицины, онкология.

 

 

Библиографическая ссылка:

Сандыбаев М. Н., АдылхановТ. А. Предпосылки создания медицинского радиологического кластера, основанного на ядерных технологиях, в городе Семей Восточно-Казахстанской области / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 4. С. 85-92.

Sandybayev M. N., Adylkhanov T. A. The current conditions for the establishment of medical radiological cluster in Semey city of East Kazakhstan region, which is based on nuclear technology. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 4, pp. 85-92.

Сандыбаев М. Н., ӘділхановТ. А. шығыс қазақстан облысы семей қаласында ядролық технологияға негізделген медициналық радиологиялық кластер құрудың негізгі алғы шарттары / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 4. Б. 85-92.

 

 


Кіріспе

Қазіргі трансформациялық дағдарыстан кейінгі жағдайда ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс жасауындағы маңызды мәселелердің бірі - өңірлік медицинаны жандандыру тетіктерін іздестіру арқылы медицинаның шынайы секторын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып отыр. Еліміздің денсаулық сақтау ісін дамыту оның өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық субъектілері сияқты даму жағдайымен анықталады. Осыған орай, денсаулық сақтау ісіндегі прогресс және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру емдеу мекемелері қызметінің тиімділігін арттыруға және олардың бүтіндей еліміз дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізуіндегі қосқан үлесіне байланысты.

Медицина дамуының осындай бағыты Қазақстан өңірлерінде ашылуы жоспарланып отырған медициналық көмек көрсететін жаңа жоғарытехнологиялық ірі орталықтарды құру жолымен сәтті іске асырылуы мүмкін.

Семей қаласында онкологиялық аурулар-ды оның ішінде иондаушы сәуленің индуцирлі әрекетімен диагностикалау және емдеу бойынша Қазақстанның медициналық орталықтарын біріктіретін радиациялық медицина кластерін құрудың қажеттігі туралы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы 18 маусымда өткен Семей ядролық полигонын-дағы сынақтардың тоқтатылуының 20 жыл-дығына арналған митингіде айтқан болатын.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы республика тұрғындарының денсаулығын жақсарту, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейіне тездетіп шығуға ықпал ететін іс шаралар әзірлеп іске асыру міндетін қойды. Аталмыш бағдарламаны іске асыруда адам-ның бүкіл өмірі бойында аурудың алдын алу мен ерте анықтау, ал егер пайда болса оны дер кезінде емдеу шешуші маңызға ие [17,18].

Осы мақаланыңмақсаты – ШҚО Семей қаласында ядролық технологияға негізделген радиологиялық медицина кластерін құрудың заманауи жағдайын көрсету.

Шығыс Қазақстан облысы бұрыннан және тұрақты түрде обыр ауруы және сол аурудан болатын өлім-жітім саны бойынша жалпы республикалық көрсеткіштен 1,5 есе артып, елімізде алдыңғы қатарда тұр (1-сурет). Декретирлі тұрғындардың денсаулық жағдайын бүтіндей бағалай отырып, оны күрделі түрде сипаттауға болады.

2-сурет.ҚР облыстары бойынша онкологиялықаурушаңдықкөрсеткіштері,

2012 ж. (100 мыңтұрғынғашаққанда)

Ескерту: дерек көзі – «Мединформ» (http://www.medinfo.kz/medstat.jsp)

 

 

Бұрынғы Семей полигоны маңайындағы аумақта тұратын тұрғындар денсаулығын жоғалтуының медициналық қалыптасуындағы қосымша үлеске қауіп факторларының радиациялық аралас әсерін жатқызу.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша радиологиялық медицина кластері құрылды, оған мыналар кіреді: Радиациялық медицинаның ғылыми-зерттеу институты, медицина университеті және онкологиялық диспансер. Кластердің жұмысы ҚР Атом энергетикасы жөніндегі Комитетпен, Қазақстан Республикасының (ҚР) ұлттық ядролық орталығымен, ҚазОРҒЗИ, «Зерде» ғылыми-білімділік консорциумымен, МАГАТЭ өзара тығыз бірлесе әрекет етуімен жүреді.

Радиациялық медицина кластерінің негізгі бағыты – ҚР тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту, сондай-ақ ғылыми зерттеулер менеджментінің тиімді механизмдерін енгізуге негізделген, медицина ғылымын жаңғырту, біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды дайындау, ғылымның шынайы интеграциясы, кәсіби білім мен практикалық денсаулық сақтау ісі.

Медицинаның қазіргі даму кезеңінде Қазақстанның радионуклидті терапия жүргізуге арналған бірде бір арнаулы орталығы жоқ, Семей қаласында салынып жатқан ядролық медицина орталығы базасында қысқа мерзім ішінде дамыған елдер үлгісі бойынша денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінде маңызды сегмент болатын заманауи жоғарытехнологиялық радиология-лық қызмет құрудың теңдессіз мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.

Ядролық медицинаның ерекшелігі ғылым мен техниканың әртүрлі салала ауқымы кең ресурстарды тарту болып табылады, бұл өз кезегінде Қазақстанда аталмыш саланың дамуы бойынша күрделі кешенді ведомствоаралық жолды талап етеді.

Заманауи ядролық медицинаның сипаты төмендегідей:

- адамдағы әртүрлі аурулардың оның ішінде онкологиялық аурулардың алдын алу, анықтау және емдеу мақсатымен фундаментальды және практикалық медицина саласында тұрақты және радиоактивті нуклидтер қолданылады;

- дәрігерлер, физиктер, химиктер, молекуляр-лы биологтар, инженерлер, техниктер жұмыс жасайтын мультидисциплинарлық сала;

- 60 жылға жуық уақыт қана болған медицинаның жас саласы;

- органдардың зақымдануы мен метастаз-дың пайда болу сатысында емес, аурудың бастабында жекелеген жасушалар мен тіндердің зақымдалу сатысында анықтауға мүмкіндік беретін прогрессивті дамып келе жатқан медициналық технологиялар;

- ең жоғарғы заманауи технологиялар, оның ішінде ядролық технологиялар, биотехнологиялар мен нанотехнологиялар, генді-инженерлі технологиялар қолданылатын медицина саласы.

Ядролық медицинаның қазіргі бүтіндей дамуы әлемде төмендегідей сипат алады:

- медициналық бағыттағы радионуклидті өнімдер шығару көлемін ұлғайту (соңғы он жыл ішінде өнімнің жыл сайынғы өсімі 10% дейін);

- тұтынушылар санының өсуімен (әлемде 100 ас арнаулы ядролық медициналық кешен жұмыс жасайды; алдағы жылдарда олардың саны 2 есе өседі деп күтілуде);

- диагностикалық мүмкіндіктерді қолдану аясын кеңейтумен;

- радионуклидтер алу технологиясына қойылатын талаптардың артуымен (экономика-лық рентабельділік және экологиялық қауіпсіздік).

Біздің ядролық орталықта радионуклидті диагностика сияқты, радионуклидті терапияны да енгізу жоспарланып отыр.

Радионуклидті диагностика кезінде негізінен бірфатонды эмиссионды компьютерлік томограф (БФЭКТ) және позитронды-эмиссионды томограф (ПЭТ) екі технологиясы қолданылатынын ескерту керек.

Жағдайды талдай отырып, әлемде 2005 жылдың басында 300 жуық ПЭТ орталығы жұмыс жасаған және жыл сайын жаңадан 15 астам ПЭТ орталығы ашылып жататынын айта кету керек. ПЭТ сканерлер саны – 2000-нан астам, ал ПЭТ зерттеулердің жалпы саны 2 500 000 жуық.

«Толық ПЭТ орталық» термині құрамына белгіленген позитрон-сәулелегіш ультра қысқа мерзімдік радионуклидтер өндірісіне арналған арнаулы циклотрон, РФП түзілісіне арналған радиохимиялық зертхана және бір немесе бірнеше позитронды томограф кіретін медициналық кешенді айтады.

Бірақ Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) және басқа елдерде ПЭТ зерттеулерін ұйымдастыратын басқа да жүйе дамып келеді. Осы жағдайда бір толық ПЭТ орталық тек қана позитронды эмиссиялы томографы бар өзіне жақын орналасқан басқа медицина-лық мекемелерді белгі байламдарымен жабдықтап отырады. Осындай ұйымдастыру-да ПЭТ зерттеу жүргізетін медициналық мекемелердің саны күрт өскені сияқты позитронды эмиссиялы томографтың саны да өсті. Егер 2000 жылы АҚШ 200-ге жуық томограф болса, американдық мамандардың бағалауы бойынша медициналық қызмет саласында 2020 жылы олардың 2000 орнаты-латын болады. АҚШ ПЭТ дамуының мұндай көрінісі елдің 500-ден астам медициналық сақтандыру компаниясы қызметтің осы түрін өздерінің медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізуіне байланысты [1, 11].

Ресей Федерациясында (РФ) 2008 жылдың қаңтарына тек қана 4 толық ПЭТ орталық және 10 ПЭТ жұмыс жасады. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынып отырған ПЭТ/КТ диагностикасына қол жетімдік деңгейіне жету үшін РФ аумағында 270 жуық сканер орнату қажет [18].

ДДҰ мамандарының бағалауы бойынша ядролық медицинадағы ең жоғарғы заманауи технология – ПЭТ әдісін қолдану 1,0 млн тұрғын адамға 2 ПЭТ сканерді ұйымдастыруды талап етеді (2-сурет). Суреттен көріп отырғанымыздай ПЭТ сканерлердің көбі АҚШ-та жұмыс жасайды, ал қалған елдерде олардың саны ұсынылғаннан аз. ҚР 1 млн адамға 0,05 құрап, әлемдік стандарттардан 40 есе аз болып отыр.

2-сурет.1 млн. адамғаПЭТсканерлерсаны.

 

 

Семей қаласындағы ядролық орталық қызметінің басқа бағыттары радионуклидті терапия жүргізу болып табылады. Радионуклидті терапия (РНТ) артықшылығына мыналар жатады:

- ісіктің зақымдау немесе патологиялық ошақтың таңдалуы;

- емді комплиментарлы өткізу;

- госпитализацияның қысқа мерзімі;

- жағдайы ауыр науқастарды емдеуге қолдану мүмкіндігі;

- жанама әсерлердің және радионуклидтермен емдеу барысында асқынулардың болмауы.

Науқастар «активті» төсектерде жабық клиникалық стационар тәртібінде радионуклидті терапия курсын өтеді. Қатерлі ісіктердің кейбір түрлерінде, мысалы оқшауланған қалқанша бездің алшақ метастазы кезінде радионуклидті терапия бірден – бір тиімді емдеу әдісі болып табылады. Соңғы кездері АҚШ, Жапония, Европаның және басқа да елдердің ірі медициналық орталықтарында жақсы нәтижелермен, ал кей жағдайларда қалқанша без обыры метастазының толық жоғалып кетуімен ондаған мың адам емделген. РНТ қалқанша без аурулары, сүйек метастаздары, РНТ-ны дамыған елдерде таңдау әдісі ретінде анықталған.

Ресей онкологтарының бағалауы бойынша жыл сайын қалқанша бездің зардапсыз және онкологиялық ауруларына шалдыққан жарты миллион науқастың алғаш ауырған 30 мыңнан астамы РНТ қажет. Жас науқастарда қалқанша бездің оқшауланған обырын біріктіре емдеуде радиоактивті йодты қолдану 98% жағдайда жағымды әсер береді. Алшақ метастаздарда радиойдотерапия нәтижелері анағұрлым көрнекті. Балалар мен жасөспірімдердегі қалқанша без обырының өкпе метастаздарының толық жазылуы 75% жағдайды құрайды, бұл олардың өмірлік мүгедектіктен қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді [5,7,8,12,13,14,16].

Операциялық ем қаупі және дәрі-дәрмектерді көтере алмау қаупі бар науқастардағы тиреотоксикоздың ауыр формасында радиойодтерапияның басқа шешімі жоқ. Диффузды уытты зобпен науқастанушылық жылына 100 мың тұрғынға 15-20 ересекті және 2-3 баланы құрайды, бұл Ресей бойынша 28 мың адамды құрайды. Ұзақ уақыт, көп жылғы дәрі-дәрмекпен емделу нәтижесінде және қайтадан операциялық жолмен емдеуде қыруар қаражат жұмсалады және соңында науқасты мүгедектікке әкеп соғады. Тиреотоксикозды радиоактивті йодпен тиімді және қауіпсіз емдеу 95% жағдайда  аурудан 2-3 апта ішінде арылтады [4,15].

«Шығын-тиімділік» қатынасын есептеген кезде немесе емдеудің аталмыш әдісінің тиімділігіне емдеудің жалпы құнын бөлу жолымен тиімділік бірлігіне кететін шығындар – СЕА коэффициенті (Cost-Effectiveness Analysis), радиойодтерапия «Шығын-тиімділік» - 7 355,8СЕА анағұрлым жақсы қатынасы бар екені белгіленді, «Шығын-тиімділік» салыстыр-малы талдауының диффузды уытты зобты емдеудің үш сызбасы радиойодотерапияның консерва-тивті және операция жолымен емдеу әдісіне қарағанда анағұрлым рационалды әдіс болып табылатынын көрсетті [2].

РНТ сондай-ақ бауырдағы, өкпедегі метастазды, бүйрек обырын, қуық түбі безі обырын емдеуде кеңінен қолданылады.

РНТ жүргізу үшін арнаулы радиологиялық орталықтар немесе «активті» төсектері бар бөлімдер қажет. Европа елдеріндегі РНТ қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші 340 мың тұрғынға 1 «активті» төсекті құрайды. Евроодақ елдерінде (Германия, Англия, Австрия – 100-200 мыңға 1 төсек. РФ 50 төсек қана бар, сондықтан да емдеудің бұл түріне науқастардың қолы жетімсіз және оған деген қажеттіліктен анағұрлым қалып қойып отыр. РНТ соңғы жылдары ғана белсенді түрде енгізіле бастағандықтан, осындай жағдай ҚР қалыптасып отыр.

Осыған байланысты Қазақстанның ядролық медицина секторын енгізуді және кеңейтуді талап ететін негізгі факторларды бөліп қарауға болады:

 - медициналық радионуклидті диагностика мен терапияны қолданудың жаңа салаларын дамыту;

- медицинада нысаналы баламасыз технологияны дамыту;

- онкология және басқа да салаларға арналған жаңа препараттар енгізу;

- анағұрлым тиімді диагностика мен емдеуді қажет ететін жасы ұлғайған тұрғындар.

Сонымен қатар, ядролық медицина әдістерінің адам ауру белгілерін әлі сезе қоймаған кезде, аурудың ең бастапқы сатыларында, органдардың өмір сүру қызметінің функционалдық ауытқуларын анықтауға мүмкіндік туғызатын теңдессіз қабілеті бар. Бұл түрлі ауруларды (онкологиялық ауруларды ғана емес) бастапқы сатыларында анықтап емдеуге мүмкіндік туғызады және бұл емдеуге кететін қаражатты анағұрлым үнемдейді [3,9,10,19,20].

Бірақ, көптеген елдердегі сияқты Қазақстан Республикасында да ядолық медицинаны енгізуді тежеуілдетіп отырған мыналар сияқты түйінді проблемалар бар:

- медициналық радионуклидті технологиялар құнының жоғарылығы;

- дәрігер-радиологтар санының тапшылығы;

- радиодиагностикалық қондырғылардың дер кезінде жаңғыртылмауы;

- рұқсат етуші және бақылаушы органдар тарапынан болатын басы артық реттеулер;

- үгіт-насихаттың жеткіліксіздігі және бұқаралық ақпарат құралдарында білімдік және таныстыру бағдарламаларының жеткіліксіздігі.

Қазақстандағы ағымды жағдайды бағалай отырып, иондаушы сәуле көздері қолданы-лып, жүзеге асырылатын жоғарытехнология-лық емдік-диагностикалық көмекке еліміз тұрғындарының көбінің қолы жете бермейтінін айтуға болады.

Қазақстандағы әлеуметтік-маңызы бар ауруларды дер кезінде анықтау мен толыққанды емдеуге қатысты мәселелер көбіне медициналық бағыттағы радиофармпрепараттар мен радионуклид көздерін әзірлеу мен өндіру жөніндегі кәсіпорындар жүйесінің қажетті түрде дамымағанына байланысты.

Сөйтіп, Семей қаласында құрылатын, Ядролық медицина орталығы радионуклидті технологиялар қолданылатын радиофарм-препараттарға, радиоизотоп генераторларға қажеттілікті қамтамасыз ететін ғылыми, өндірістік және кадрлық әлеуетті алдын ала құруға және Қазақстан өңірлерінде жаппай диагностикалық зерттеулерді орындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған шаралар төмендегі ауруларды ең заманауи деңгейде және жеткілікті көлемде емдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: бас және мойын қатерлі ісіктері, сүт безі, қалқанша без, қуық түбі безі, өңеш, өкпе, құрсақ қуысы қатерлі ісіктері, лимфопролиферативті аурулар (лимфо-грануломатоз, лимфосаркома), сүйектің бастапқы қатерлі ісіктері және метастатика-лық зақымдану, әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері, меланома, жұмсақ тін қатерлі ісіктері, қалқанша бездің ісіктен басқа аурулары, жүректің ишемиялық аурулары, туа біткен жүрек ақаулары, тамыр аневризмдері.

Бірақ, Республикадағы ядролық медицина қызметінің ұйымдастыру құрылымы мен стандартталуын тәжірибенің халықаралық деңгейіне сәйкестендіру қажеттігі бар.

 

Әдебиет:

  1. Американское общество ядерной медицины // http://www.snmmi.org/ (режим доступа: свободный).
  2. Биртанов Е. А., Абеуова Ж. С., Мухамеджанова З. М., Калмаханов С. Б., Балгимбеков Ш. А. Состояние и перспективы информатизации здравоохранения в Казахстане. Алматы, 2008. 136 с.
  3. Биртанов Е. А. Стратегия управления ресурсами здравоохранения путем совершенство-вания инновационно-инвестиционной политики // Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии. 2009. № 4(45). С. 3-5.
  4. Глобальный план действий по охране здоровья работающих на 2008-2017 гг. Шестидесятая сессия Всемирной Ассамблеи Здравоохранения, 23 мая 2007 г.

5. Дроздовский Б. Я. Гарбузов П. И. Ядерная медицина – современные технологии в лечении. Потребности, проблемы и перспективы // Материалы I Евразийского конгресса по ядерной медицине. М.: 2001, 305 с.

6. Европейская ассоциация ядерной медицины // http://www.eanm.org/ (режим доступа: свободный)

7. Зайнутдинов Х. С., Султанова Г. А., Содикова Г. Э., Алиев С. У. Учебно-методичес-кое пособие «Эффективное и рациональное использование лекарственных средств. Формуляр ABC/VEN его анализ и методичес-кое значение" для практических занятий студентов 5 курса практического обучения по дисциплине "Проблемы фармации». Ташкент, 2009. 20 с.

8. Королюк И. П., Цыб А. Ф. Беседы о ядерной медицине. 1-е изд., М.: Молодая гвардия, 1988. 192 с.

9. Марков Л. С. Управление эффектив-ностью функционирования региональных высокотехнологичных кластеров // Регион: экономика и социология. 2007. № 2. С. 20-34.

10. Мищенко Ю. П. Кластерный подход организации производственного взаимодейст-вия // Вестник Казахстанско-Американского свободного университета. 2006. № 4. С.163

11. Наркевич Б. Я., Костылев В. А. Физические основы ядерной медицины. Учебное пособие. М.: АМФ-Пресс, 2001. 60 с.

12. Паркер Р., Смит П., Тейлор Д. Основы ядерной медицины. Basic Science of Nuclear Medicine. М.: Энергоиздат, 1981. 304 с.

13. Развитие ядерной медицины в РФ // Медицина. Целевые проекты. 2013. №16. электронный ресурс, режим доступа: http://www.sovstrat.ru/journals/medicina-celevye-proekty/articles/st-med16-29.html, свободный

14. Радионуклидная терапия // http://poliklinika.mrrcobninsk.ru/main/radionuklidn/, (режим доступа: свободный)

15. Резолюция о семье и здоровье. Пятьдесят седьмая сессия Всемирной Ассамблеи Здравоохранения, 15 апреля 2004 г. А57/13.

16. Российское общество ядерной медици-ны // http://www.nuclearmedicine.ru/index.php (режим доступа: свободный).

17. Сандыбаев М. Н., Адылханов Т. А., ТанатоваЗ. А. Оказание помощи больным раком в отделении ядерной медицины онкологического диспансера города Семей в будущем // Наука и Здравоохранение. 2009. №4. С. 174-177.

18. Тютин Л. А., Станжевский А. А., Адылханов Т. А., Сандыбаев М. Н., Базарбаев Н. А. Позитронная эмиссионная томография (ПЭТ): история, настоящее и будущее (краткий обзор) // Наука и Здравоохранение. 2009. № 4. С. 4-6.

19. Ялов Д. А. Кластерный подход как технология управления региональным экономическим развитием. Электронный ресурс // URL: http ://www. subcontract.ru.

20. Feser E. Old and new theories of industry clusters // Clustersiand Regional Specialisation. London, Pion. 1998. pp. 18-40.

 

References:

1. Amerikanskoe obshchestvo yadernoi meditsiny [Nuclear medicine American society]. http://www.snmmi.org/ (rezhim dostupa: svobodnyi.

2. Birtanov E. A., Abeuova Zh. S., Mukhamedzhanova Z. M., Kalmakhanov S. B., Balgimbekov Sh. A. Sostoyanie i perspektivy informatizatsii zdravookhraneniya v Kazakhstane [State and prospects of healthcare informatization in Kazakhstan]. Almaty, 2008. 136 p.

3. Birtanov E. A. Strategiya upravleniya resursami zdravookhraneniya putem sovershenst-vovaniya innovatcionno-investitsionnoi politiki [Strategy for management of health resources by improving innovation and investment policy]. Vestnik Yuzhno-Kazakhstanskoi meditsinskoi akademii [Journal of South Kazakhstan Medical Academy]. 2009. № 4(45). P. 3-5.

4. Globalnyi plan deistvii po okhrane zdorovya rabotayushchikh na 2008-2017 gg. [Global Plan of Action on Workers Health for 2008-2017]. Shestidesyataya sessiya Vsemirnoi Assamblei Zdravookhraneniya [The Sixtieth World Health Assembly]. 23.05.2007.

5. Drozdovskii B. Ya. Garbuzov P. I. Yadernaya meditsina – sovremennye tekhnologii v lechenii. Potrebnosti, problemy i perspektivy. [Nuclear medicine – modern treatment technologies. Needs, problems and perspectives] Materialy I Evraziiskogo kongressa po yadernoi meditsine. [Materials of the First Nuclear Medicine Eurasian congress]. М.: 2001, 305 p.

6. Evropeiskaya assotsiatsiya yadernoi meditsiny [European association of nuclear medicine]. http://www.eanm.org/ (rezhim dostupa: svobodnyi).

7. Zainutdinov Kh. S., Sultanova G. A., Sodikova G. E., Aliev S. U. Uchebno-metodicheskoe posobie «Effektivnoe i ratsionalnoe ispolzovanie lekarstvennykh sredstv. Formulyar ABC/VEN ego analiz i metodicheskoe znachenie" dlya prakticheskikh zanyatii studentov 5 kursa prakticheskogo obucheniya po distsipline "Problemy farmatsii». [Educational textbook “Effective and rational use of medications. ABC/VEN formulary, its analysis and methodical meaning” for practical lessons of 5-course students in discipline “Pharmacy issues”]. Tashkent, 2009. 20 p.

8. Korolyuk I. P., Tsyb A. F. Besedy o yadernoi meditsine. 1-e izd. [Discussions about nuclear medicine]. 1 edition. M.: Molodaya gvardiya], 1988. 192 p.

9. Markov L. S. Upravlenie effektivnostyu funktsionirovaniya regionalnykh vysokotekhnologichnykh klasterov [Management of the functioning of regional high-tech clusters] // Region: ekonomika i sotsiologiya [Region: Economics and Sociology]. 2007. № 2. P. 20-34.

10. Mishchenko Yu. P. Klasternyi podkhod organizatsii proizvodstvennogo vzaimodeistviya. [The cluster approach of the organization in production cooperation]. Vestnik Kazakhstansko-Amerikanskogo svobodnogo universiteta [“Vestnik KAFU” state scientific journal]. 2006. № 4. P.163

11. Narkevich B. Ya., Kostylev V. A. Fizicheskie osnovy yadernoi meditsiny. Uchebnoe posobie. [Principal physics of nuclear medicine. Study guide]. M.: AMF-Press, 2001. 60 p.

12. Parker R., Smit P., Teilor D. Osnovy yadernoi meditsiny [Basis of nuclear medicine]. Basic Science of Nuclear Medicine. M.: Energoizdat, 1981. 304 p.

13. Razvitie yadernoi meditsiny v RF [The development of nuclear medicine in the Russian Federation]. Meditsina. Tselevye proekty [Medicine. Principal projects]. 2013. №16. elektronnyi resurs, rezhim dostupa: http://www.sovstrat.ru/journals/medicina-celevye-proekty/articles/st-med16-29.html, svobodnyi

14. Radionuklidnaya terapiya [Radionuclide therapy] // http://poliklinika.mrrcobninsk.ru/main/ radionuklidn/, (rezhim dostupa: svobodnyi.

15. Rezolyutsiya o seme i zdorove [The resolution on the family and health]. Pyatdesyat sedmaya sessiya Vsemirnoi Assamblei Zdravookhraneniya [Fifty-seventh session World Health Assembly]. 15.04.2004. А 57/13.

16. Rossiiskoe obshchestvo yadernoi meditsiny [Russian Society of Nuclear Medicine] // http://www.nuclearmedicine.ru/index.php (rezhim dostupa: svobodnyi).

17. Sandybayev M. N., Adylkhanov T. A., Tanatova Z. A. Okazanie pomoshchi bolnym rakom v otdelenii yadernoi meditsiny onkologicheskogo dispansera goroda Semei v budushchem. [Rendering of assistance for patients with cancer in nuclear medicine department of Semey oncologic dispensary in future]. Nauka I zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2009. № 4. P. 174-177.

18. Tyutin L. A., Stanzhevskii A. A., Adylkhanov T. A., Sandybayev M. N., Bazarbayev N. A. Pozitronnaya emissionnaya tomografiya (PET): istoriya, nastoyashchee i budushchee (kratkii obzor) [Positron tomography (PT): history, present and future (brief review)]. Nauka I zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2009. № 4. P. 4-6.

19. Yalov D. A. Klasternyi podkhod kak tekhnologiya upravleniya regionalnym ekonomicheskim razvitiem [The cluster approach as a technology management of regional economic development]. URL:http://www.subcontract.ru. (rezhim dostupa: svobodnyi).

20. Feser E. Old and new theories of industry clusters. Clustersiand Regional Specialisation. London, Pion. 1998. pp. 18-40.


 

 

Контактная информация:

Сандыбаев Марат Нурланбекович – доктор медицинских наук, директор Регионального онкологического диспансера, г. Семей, Казахстан.

Почтовый адрес: 071407, г.Семей, ул. Кутжанова 3.

E-mail: bayan_atantaeva@mail.ru

Телефон: раб.8-7222-77-44-22

 


 

 

 

год: 2015 выпуск №4