| Научный журнал
 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | статьи | Научный журнал

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жазба жазу күні: 25-11-2014
Автор(ы): Ү.С. Самарова1, Р.М. Амирханов2, А.Қ. Садыков2, Ф.С. Рахимжанова1, Қ.Е. Калиханова1 Семей қаласының Мемелекеттік медицина университеті, 1Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы 2«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистрант

Тұжырым

Науқастарды емдеу барысында медициналық көмектің сапасын бағалау, медицина қызметкерлерінің жұмысын дұрыс ұйымдастырушылық мәселелері жүргізіледі. Ұйымдастыру кезіндегі дәрігерлер жұмысын рейтинг арқылы бағалау жүйесін басқару  ерекшеліктері көрсетілген.

 

Негізгі сөздер: медициналық көмек, рейтинг, ұйымдастыру.

 


Тақырып өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президентінің «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы-ның 2012 жылғы Халыққа жолдауында айтылғандай тұрғылықты жерлердің халық денсаулығын нығайту, медициналық көмектің қолжетімділігін, уақыттылығын, сапасын қамтамасыз ету. [1]. Денсаулық жүйесінің қазіргі кезеңдегі өзгертілуінде қазыналық – сақтандыру қағидасы бойынша жұмыс істеу, сонымен қатар экономикалық тетіктерін әбден жетілдіру. Ең маңызды стратегиялық саланың дамуы болып, олардың қызметін рейтинг арқылы бағалау негізінде денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлік қызметін басқаруды ықшамдау, қолайландыру. Бұдан басқа денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлік қызметін рейтинг арқылы бағалау мекеменің абыройының әмбебап индикаторы болып табылады және бюджеттік қаржыландыруды түзетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс мақсаты: Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін рейтинг арқылы бағалау негізінде олардың саласын жүйелі талдау және денсаулық сақтау мекемелерінің басқаруын жетілдіру.

Тапсырмалар:

  1. Дәрігерлік қызметтердің ерекшеліктерін анықтау, қызметін қарастыру және дәрігерлік қызметтердің классификациясын өңдеу;
  2. Денсаулық сақтау қызметтерінің мемлекеттік басқарудың негіздерін зерттеу;
  3. Рейтинг арқылы бағалауда теориялық және әдістемелік негіздерін қолдану бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің қызметінің басқару әдісі мен ұсыныстарының өңделуін қарастыру;
  4. Денсаулық сақтау жүйесіндегі дәрігерлік қызметтерді рейтинг арқылы бағалау әдісін өңдеу;

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, жаһандану үрдістері және денсаулық сақтау саласындағы қайта құрулар осы салаға мемлекет тарапынан басқару мәселелеріне жаңа тұрғыдан қарауды талап етеді. Қазіргі кезде басқарудың тек принциптері ғана өзгеріп қоймай, сонымен қатар басқарудың жаңа жүйесін, денсаулық сақтау мекемелерінің экономикалық қажеттіліктерін ескеру басым бағытта тұр. Денсаулық сақтау саласын басқаруда әкімшілік әдістер басым болуы қажет, өйткені олар денсаулық сақтау саласындағы бірегей саясатты қамтамасыз етуге, түрлі ұйымдардың жұмысын бақылауға, медициналық көмек көрсету сапасын бақылауға бағытталуы қажет.[1]

Қазақстан Республикасында халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан басқару саясаты келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады: денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқығын сақтау және мемлемемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық-санитарлық, медициналық-әлеуметтік және дәрілік көмектің кепілді көлемі аясында қол жеткіліктілікті, тегін қызмет көрсетуді және оның жүзеге асырылу жауапкершілігін қамтамасыз ету; денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету; кепілді медициналық көмек аясында медициналық көмек алуда әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету; тұрғындардың қажеттіліктеріне сәйкес денсаулық сақтауды дамыту және жекеменшік түріне қарамастан медициналық ұйымдар үшін бірдей жағдайлар жасау; медициналық-әлеуметтік шараларды ғылыми негіздеу; ерікті медициналық сақтандыруды және көптармақты медицинаны дамыту; азаматтардың денсаулығын қорғау және нығайтуды қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы ұйымдардың жауапкершілігін арттыру; азаматтардың денсаулығына келтірген зардаптары үшін медициналық және фармациялық қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру; тұрғындардың өз денсаулығына және өзін қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру. [2]

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы әлеуметтік саланың негізгі бөлігі болып табылады, мұнда мыңдаған денсаулық сақтау ұйымдары және 70 мыңнан астам дәрігерлер қамтылады.

Денсаулық сақтау туралы Заңға сәйкес халық денсаулығын қорғау мемлекеттік басқарудың барлық ұйымдарының, жұмыс берушілердің, лауазымды қызметкерелрдің міндеті болып табылады. Денсаулық сақтауды басқару субъектілеріне қоғамдық ұйымдар да енеді: кәсіптік одақтар, дәрігерлер мен провизорлар-дың ассоциациясы, Қызыл Крест ұйымдары және т.б.

Денсаулық сақтау саласын тікелей басқару денсаулық сақтаудың салалық ұйымдарына, яғни аумақтық және ведомстволық ұйымдарға жүктелген. Денсаулық сақтаудың аумақтық ұйымдары белгілі-бір аумақта қызмет етеді және өзіне бағынышты ұйымдармен бірге мемлекеттік басқарудың бірегей жүйесін құрайды. Оларға Министрлік, жергілікті атқарушы ұйымдардағы департаменттер (бөлімдер) жатады. Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау бөлімдері қысқартылған, олардың қызметі аудандық орталық ауруханаларға жүктелген.[3]

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек түрлері төмендегідей:

1. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек түрлері: алғашқы медико-санитарлы көмек, арнайы медициналық көмек, медициналық-әлеуметтік көмек және сауықтыру.

2. Жедел медициналық көмек тегін ересектерге және балаларға өмірге қауіпті жағдайларда, ауыр науқастарда арнайы медициналық ұйымдармен (жедел медициналық көмек станциялары және бөлімдері) көрсетіледі.

3. Алғашқы медико-санитарлық көмек әрбір азамат үшін негізгі, қол жетімді және тегін көмек түрі болып табылады және ол неғұрлым кең тараған ауруларды, жарақаттарды, улануды және басқа да желед жағдайларды емдеуге, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге, маңызды аурулардың медициналық профилактикасын жүзеге асыруға, отбасы, ана мен бала қорғау бойынша шараларды іске асыруға және тұрғылықты жерде басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетуге бағытталған.

4. Арнайы медициналық көмек азаматтарға амбулаторлы-поликлиникалық және стационарлы ұйымдармен көрсетіледі, ол диагностиканың, емдеудің арнайы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет етеді.

5. Медициналық-әлеуметтік көмек медициналық-әлеуметтік типтес ұйымдарды құру және дамыту, тұрғын үй жеңілдіктерін беру, қызметкерлерді сауықтыру бойынша жұмыс берушілерге нұсқаулықтардың орындалуын, рационалды еңбек пен тамақтануды ұйымдастыру бойынша шаралар жүйесін жасауға бағытталған.

6. Туа біткен және жүре пайда болған, өткір және созылмалы аурумен, жарақат салдарынан пайда болған аурулармен ауыратын науқастарға медицина-лық, физикалық, психологиялық және әлеуметтік сауықтыру сәйкес емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарында көрсетіледі.[2]

Денсаулық сақтау мекемелерін мемлекеттік басқару формалары құқықтық және құқықтық емес деп бөлінеді. Құқықтық басқару формаларының ерекшелігі денсаулық сақтау саласындағы  субъектілер үшін заңдылықтардың сақталуында. Бұл заң шығару-шы және заңды қолдану әрекетіне байланысты болады. Жалпы ереже бойынша заң шығарушы функция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министр-лігіне тиесілі. Басқарудың құқықты емес формаларына ақпараттық-ұйымдастыру (кеңестер, отырыстар) және материалды- техникалық (денсаулық сақтауды басқаруда техникалық құралдарды және аналитикалық материалдарды пайдалану) формалар жатады.[5]

Мемлекеттік басқару әдістері дегеніміз – мемлекеттік-басқару функцияларын тәжірибеде жүзеге асыру құралдары болып табылады. Әдетте экономикалық, әкімшілік және идеологиялық басқару әдістері қолданылады. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласы үшін мемлекет тарапынан басқарудың әкімшілік әдістері орын алады, атап айтқанда қызмет ету түрі бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар шығару. Бұл мемлекетке экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан басқаруда идеологиялық әдістер де, айталық түрлі саяси бағдарламалар, әлеуметтік концепцияларды жүзеге асыру бойынша ұрандар, үндеулер маңызды орын алады (мысалы, темекі қораптарының сыртында темекінің зияны туралы Денсаулық сақтау Министрлігінің ескертуі жазылған). Олай болса, денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару дегеніміз – мемлекеттік бақару ұйымдарының бағытты, жоспарлы, үздіксіз әрекеті, ол денсаулық сақтау ұйымдарына атқарушы және ұйымдастырушы басқару формалары түрінде көрінеді және тұрғындарға мемлекет тарапынан кепілді тегін, сапалы және жоғары технологиялы медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.[4]

 

Әдебиеттер:

  1. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011 – 2015 годы, утвержденная Указом Президента РК от 29 ноября 2010 года № 1113; http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30861087
  2. Кодекс Республики Казахстан о здоровье народа и системе здравоохранения (с изменениями и дополнениями по состоянию на 04.07.2013 г.). http://www.zakon.kz/148589-kodeks-respubliki-kazakhstan-ot-18.html
  3. Приказ МЗ РК №249 от 12.04.2010 года о разработке системы дифференцированной оплаты труда медицинских работников в зависимости от результатов, где нормами предусмотрена возможность использования сверхплановых финансовых средств по расширение фонда оплаты труда, полученных по результатам выбора пациентом медицинских организации и других экономий. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100006972
  4. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 января 2011 года № 7 Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 февраля 2011 года №6774. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008732
  5. Синявский В.М., Журавлев В.А. Организация системного управления, учета и контроля в амбулаторно-поликлинической службе // Главврач. – 2006., №6. – с.41-50;

 

 

Аннотация

ОСОБЕННОСТИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧЕРЕЖДЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

У.С. Самарова, Р.М. Амирханов, А.К. Садыков, Ф.С. Рахимжанова, К.Е. Калиханова

Государственный медицинский университет города Семей, Кафедра общественного здравоохранения

В ходе лечения больных проводится оценка качества медицинской помощи и системы правильной организации работы медицинских работников. Показаны особенности управления деятельности врачей на рейтинговой основе.

 

Ключевые слова: медицинская помощь, рейтинг, организация.

 

Summary

FEATURES OF STATE MANAGEMENT ACTIVITIES OF INSTITUTION OF HEALTH

U.S. Samarova,R. Amirkhanov, A.K. Sadykov, F.S. Rakhimzhanova, K.Ye. Kalikhanova

State medical university of Semey city,Department of Public Health

The quality assessment of health care and the system of right organizations of health care workers are hold during the treatment of patients. There are showed features of management activities and it is based on the rating of doctors.

 

Key words:medical help, rating, organization.

год: 2013 выпуск №6