Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрлігі

 

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

 

Рецензияланатын пәнаралық ғылыми-практикалық журнал, клиникалық медицина мен қоғамдық денсаулықпен байланысты бірегей зерттеулер нәтижелерін, әдеби шолуларды, кең шеңберлі сұрақтар бойынша конференциялар туралы қысқа мәлімдемелер мен есептерді жариялайды. Биомедициналық ғылыми қоғамдастық, тәжірибелік дәрігерлер, медицина мен қоғамдық денсаулық саласындағы докторанттар мен магистранттар журналдың негізгі оқырман аудиториясы болып табылады.

 

Құрылтайшы: СемейқаласыныңМемлекеттік медицина университеті

1999 негізі салынды

(ЮНЕСКО, Франция, Париж қ) сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында тіркелген және халықаралық номер берілген ISSN2410 – 4280

 

Журнал Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігінде, Байланыс ақпараттандыру және ақпарат комитеті 2015 ж. 20 шілде тіркелген. Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлігі № 15475

 

Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша Комитетімен ұсынылған ғылыми басылымдар Тізімдемесіне кіреді (Бұйрық №1033  05.07.2013ж.)