Құрметті оқырмандар!

Өз сайтымызда Сіздерді қарсы аламыз! «Ғылым және денсаулық сақтау» рецензияланатың медициналық ғылыми-практикалық журналы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 1999 жылы тіркелген және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жылына 6 рет басылып шығарылады. Журналымыз клиникалық медицина мен қоғамдық денсаулықпен байланысты бірегей зерттеулер нәтижелерін, әдеби шолуларды, кең шеңберлі сұрақтар бойынша конференциялар туралы қысқа мәлімдемелер мен есептерді жариялайды. Биомедициналық ғылыми қоғамдастық, тәжірибелік дәрігерлер, медицина мен қоғамдық денсаулық саласындағы докторанттар мен магистранттар журналдың негізгі оқырман аудиториясы болып табылады.

Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша Комитетімен ұсынылған ғылыми басылымдар Тізімдемесіне кіреді (Бұйрық №1033 05.07.2013ж.)

Басылып шығарылатын материалдардың САПАСЫ, СЕНІМДІЛІК пен ТАЛАПШЫЛДЫҚ - журналымыздың маңызды ұстанымдары. Біздің мақалалар өзектілік, жаңалық, теориялық және практикалық мәнділік тұрғыдан мұқият сапалық талдаудан өтеді.

Біз өз болашағымызда сенімдіміз және барлық мүдделі оқырмандармен белсенді ынтымақтастық құруға үміттенеміз.

Ізгі ниетпен,

Журналдың Бас редакторы
м.ғ.д., профессор

Е.Т. Жүнісов